Екі өңірде жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлу мәселесі пысықталуда

Үкімет резервінен тиісті қаражатты бөлу туралы Қаулының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде.

Екі өңірде жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлу мәселесі пысықталуда Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты. 

"Қазіргі уақытта Үкімет резервінен екі өңірде: Ақмола және Павлодар облыстарында жылу желілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға қаражат бөлу мәселесі пысықталуда.

Биылғы жылдың 15 наурызында Екібастұз қаласында жалпы сомасы шамамен 9,6 млрд теңгеге (5,3 км) 4 жылу магистралін (ТМ-2, ТМ-5, ТМ-8, ТМ-12) реконструкциялауға және Павлодар қаласында жылу желілерінің жаңа

құрылысына 4,4 млрд теңгеге (1,8 км) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды", деді Марат Қарабаев. 

Үкімет резервінен тиісті қаражатты бөлу туралы Қаулының жобасы (13,3 млрд теңге) мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде.

Сондай-ақ, Степногорск және Көкшетау қалалары бойынша жылу желілерін жөндеуге (5,9 млрд теңге; 18,3 км) Ақмола облысы әкімінің өтінішхаты жолданды.

"Бүгінгі таңда сметалық құжаттамалары пысықталуда. Жақын арада Қаржы министрлігіне қолдаухат жіберіледі", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу