Ресей Федералды қауіпсіздік қызметкерлері темір жолда теракті жоспарлаған Орта Азиялық азаматтарды қамауға алған, деп хабарлайды kazislam.kz.
Құқыққорғау органы мәліметінше, жеті адамнан құралған топ "Сапсан" жоғарыжылдамдықты екі пойызына жарылыс жасауды жоспарлаған. Осы мақсатта олар тежегіш құралды пайдалануды көздеген. Рельстен шыққан пойыз қарсы беттегі келесі пойызға соқтығысуы тиіс болған. Алайда, содырлардың көздегені инженерлік сауатсыздықтарынан іске аспады. Тергеу барысында қылмыскерлердің осы терактілерінен кейін Ницца мен Берлиндегі терактіге ұқсас жарылыс ұйымдастыруды ойластырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу