Екі сақтандыру компаниясы лицензиясынан айырылды

546

Компаниялар ҚР заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын сақтамаған.

Екі сақтандыру компаниясы лицензиясынан айырылды

Бас банк басқармасының 2018 жылғы 27 тамызындағы № 173 қаулысымен 2018 жылғы 28 тамызынан бастап "Сәлем" СК" АҚ ерікті нысандағы түрлері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Компания ҚР заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған.

Сондай-ақ "Kompetenz" сақтандыру компаниясы" сақтандырудың ерікті нысанында жүктерді сақтандыру сыныбы бойынша берілген лицензиясынан айырылады.            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу