Екі сақтандыру компаниясының ерікті түрде қайта ұйымдасуына рұқсат берілді

667

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы № 91 және № 92 қаулылар негізінде екі сақтандыру компаниясына қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берді, деп жазады inbusiness.kz Агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Екі сақтандыру компаниясының ерікті түрде қайта ұйымдасуына рұқсат берілді

"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ-ны "Freedom Finance Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ-на қосу жоспарына сәйкес қайта ұйымдастыру жөніндегі барлық рәсім 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін аяқталуға тиіс. 

"Қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көрсетілген өткізу актісі бойынша "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның құқықтары мен міндеттері "Freedom Finance Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ-ға өтеді. Осылайша, ол "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның сақтандырушылар алдында қабылдаған барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады" делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу