Екі шетелдік әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады

851

21 қаңтардан бастап катарлық "Qatar Airways" әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен "Доха-Алматы-Доха" бағытында ұшуды қайта бастады. Рейстер дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесімен орындалады, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі шетелдік әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады

Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінің "Air Arabia" әуе компаниясы 2022 жылғы 21 қаңтардан бастап А–320/А–321 типті әуе кемесінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рейс жиілігімен Шарджа-Алматы-Шарджа бағытында ұшуды қайта бастады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу