Екі спортшымыз Премьер-лиганың финалына жолдама алды

627

Мадридте каратеден жылдың қорытынды турнирі – Премьер-лиганың соңғы кезеңі өтіп жатыр. 

  Екі спортшымыз Премьер-лиганың финалына жолдама алды

Қазақстан спортшылары бірнеше салмақта финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық каратеші, Азия ойындарының жүлдегері Данияр Юлдашев (олимпиадалық рейтингте 14-ші орында) турнирдің алтын жүлдесіне таласады.

Финалға дейін Юлдашев Нидерланд, Франция, Иран спортшыларын ұтты. Жартылай финалда әзірбайжандық Ранах Абдуллаевпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Бүгін өтетін ақтық сында Данияр Юлдашев олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған түркиялық Угур Актаспен жолығады. 

Әйелдер арасында +68 келіде сынға түскен Софья Берульцева Мадридтегі турнирдің финалына жолдама алды. Берульцева Косово, Венгрия, Италия және Жапония спортшыларын жеңді. Финал жолдамасы үшін таласта жарыс қожайыны Мария Торресті ұтты. Алтын үшін айқаста Софья ересектер арасындағы әлем чемпионы Елена Чатзилиадамен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу