Екі станцияда жолаушыларды отырғызып, түсіруге уақытша тыйым салынды

878

Мұнда дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы мен шақыруы болғандар ғана пойызға отырып, түсе алады. 

Екі станцияда жолаушыларды отырғызып, түсіруге уақытша тыйым салынды

Мақат, Құлсары стансыларында короновирусқа байланысты жолаушыларды отырғызып, түсіруге уақытша тиым салды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлады.  

Мұндай шешімді екі ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдаған. 

Мақат стансысында мына бағыттағы пойыздардың жолаушыларын түсіру, отырғызуға тиым салынған:

- №37/38 "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" мен №309/310 "Маңғыстау-Ақтөбе" (4 маусымдағы 00:00-ден 11 маусымдағы 4 07:00-ге дейін);
- №313/314 "Атырау-Маңғыстау" мен №692/691 "Ақтөбе-Атырау" (10 маусымдағы 00:00-ден 11 маусымдағы 07:00-ге дейін).

Құлсары стансысында: 

- №37/38 "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" және №309/310 "Маңғыстау-Ақтөбе" (4 маусымдағы 00:00-ден 18 маусымдағы 00:00-ге дейін);
- №313/34 "Атырау-Маңғыстау" және №77/78 "Алматы-2-Маңғыстау" поезы құрамындағы  "Алматы-2-Құлсары" вагондары мен № 313/314 "Атырау-Маңғыстау" ( 10 маусымдағы 00:00-ден 18 маусымдағы 07:00-ге дейін).

Бұл стансыларда дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы мен медициналық мекеменің шақыруы болған жағдайда ғана отырып, түсуге құқығы бар. 

Бұрын осы екі стансыға дейін билет алғандар қайтарып, толық құнын алауына болады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу