Екі тауар биржасының лицензияларының қолданысы тоқтатылды

1545

"Азия тауар-шикізат биржасы" АҚ мен "Шығыс" Халықаралық әмбебап тауар биржасы" АҚ-ның лицензияларының қолданысы тоқтатылды.

Екі тауар биржасының лицензияларының қолданысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 13 қаңтардағы шешімімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Азия тауар-шикізат биржасы" АҚ қызметінің заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны мәжбүрлеп тарату туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот шешімі 2022 жылғы 22 ақпанда заңды күшіне енді, осыған байланысты, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 35-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде "Азия тауар-шикізат биржасы" АҚ 2019 жылғы 4 қаңтардағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына №1000687 лицензиясының қолданысы тоқтатылды.

Сонымен қатар Заңның 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, лицензиаттың лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасағанына байланысты "Шығыс" Халықаралық әмбебап тауар биржасы" АҚ 2018 жылғы 5 қыркүйектегі тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына №1000667 лицензиясының қолданысы тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу