Екі вице-министр қызметінен босатылды

460

Екі вице-министр қызметінен босатылды

Ұлттық экономика, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: 

Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен;

Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу