Екі жасар қыз 135 магниттік шар жұтып қойған

251

Ота 4,5 сағатқа созылды. 

Екі жасар қыз 135 магниттік шар жұтып қойған Фото: vaib.uz

Өзбекстанда 135 магниттік шарды жұтып қойған екі жасар қызға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты UPL.UZ агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, оқиға Ферғана облысында болған. Қыз бала ойыншықпен ойнап жүріп, магниттік конструктор элементтерін жұтып қойғаны белгілі болды.

Ең алғашқы медициналық көмекті Ферғана қаласындағы республикалық жедел медициналық көмек орталығының мамандары көрсеткен. Дәрігерлер баланың ішіне бөгде заттардың жиналуын анықтады. Олар 14 магниттік моншақты алып шыққан, алайда магниттердің дені асқазан-ішек жолдарында қалып қойғандықтан, қыздың денсаулығына үлкен қауіп төндірген. Осылайша пациент ел астанасына жедел жеткізілді.

Ташкент қаласының хирургтар тобы 4,5 сағатқа созылған күрделі отаны жасады. Қыз баладан тағы 121 магнит алынды. Дәрігерлер баланың  жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасына сәйкес, бес жасқа дейінгі балалар ойыншықтардың ішіндегі кішкентай магниттік шарларды жиі жұтып қояды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу