Екі жастағы баланы туған анасы өлтіріп, мұздатқышта сақтаған

1342

Алматы облысында жантүршігерлік жағдай.  

Екі жастағы баланы туған анасы өлтіріп, мұздатқышта сақтаған

Екі жастағы баланы туған анасы өлтіріп, мұздатқышта  сақтаған, деп хабарлайды Аtameken Business.

Сұмдық оқиға Үштөбе қаласында болды.  Қазір 27 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол ұлын өлтіргенін толықтай мойындап отыр. Полицияға сол күдіктінің сіңлісі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бері жиенін көрмеген. Сұрағандарға баласын Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Ал көршілері кішкентай баланы соңғы 2,5 айдан бері көрмегендерін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу