Екі жолдама жетпей тұр – Әсет Серікбаев

732

9-11 сәуір күндері Алматыдағы "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді.  

Екі жолдама жетпей тұр – Әсет Серікбаев

Балуандар бәсекесінде күрестен Токио Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынады. Осы орайда, еркін күрестен команда бас бапкері Әсет Серікбаев екі салмақтағы лицензияға кімдердің таласатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Токио Олимпиадасына толық құраммен бару үшін бізге екі жолдама жетіспей тұр. Біз 86 және 125 келіде лицензияға таласамыз. 86 келіде Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбековке сенім артамыз. Ал аса ауыр салмақта 2020 жылғы Азия чемпионы Юсуп Батырмурзаев бақ сынайды. Алматыда өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрамды кешірек жариялаймыз", - дейді Әсет Серікбаев. 

Еркін күрестен Қазақстан командасы 57, 65, 74 және 97 келіге дейінгі салмақтарда Олимпиада ойындарының жолдамасын 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде жеңіп алды.  Алматыдағы Азия біріншілігі 12-19 сәуірге жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу