Екі жыл бойы құмды заңсыз сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды

1908

Жер қойнауын пайдаланушының бас бостандығы шектелді.

Екі жыл бойы құмды заңсыз сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды

Павлодарлық кәсіпкер 2019 жылдан бастап Мичурин ауылындағы су тазарту ғимараты мен Омбы-Майқапшағай тас жолының маңындағы құмды заңсыз қазып алып, сатумен айналысқан. Екі жыл аралығында 16,7 текше метр құмды тиісті рұқсат қағазсыз сатып үлгеріпті. Соның салдарынан мемлекетке 311,5 млн теңге көлемінде зиян келтірді.

Жер қойнауын пайдаланушының заңсыз әрекетін қараған Павлодар аудандық соты кәсіпкердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабы 2-тармағына сәйкес жаза белгіленді. Құм сатумен айналысқан кәсіпкер 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалануға қатысты мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Енді құмды қазып, сатумен айналысқан тұрғын мемлекетке келтірген шығын көлемін қайтаруға кірісті.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу