Екі жыл бойы пәтер тонап келгендер ұсталды

1425

Екі жыл бойы пәтер тонап келгендер ұсталды

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасына қарасты криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер тонауман айналысқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Күдіктілердің бірі Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Екеуі де бұған дейін осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған. Әзірге олардың Өскемен қаласындағы 10 ұрлыққа қатысы бар екенін белгілі. Әккі топ екі жыл бойы пәтер тонап келген.

"Олар әрбір қылмысқа тиянақты дайындалып отырған. Әуелі таңдау түскен пәтердің тұрғындарының келіп-кетуін зерттеген. Одан кейін ішке енудің жоспарын пысықтаған. Құлып бұзғыш құрал арқылы ішке еніп, ақша мен бағалы заттарды үптеп отырған. Тонаушылардың бірі үйге кіргенде, екіншісі сыртта қалып, телефон арқылы сырттағы өзгерістерді баяндап тұрған" — дейді облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Әйгерім  Нұрғазина.

Осы екі жылдың ішінде жапа шеккен пәтер иелері 8 млн теңгеге шығындалған.  Айта кетерлігі, күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу