Екі жыл бұрын ғана жөндеуден өткен стадион тағы реконструкциядан өткізілмек

152

Атырау қаласында 1950 жылы салынған "Мұнайшы" орталық стадионы екі жыл бұрын жөндеуден өткізілген. Енді оны тағы да қайта жаңғыртудан өткізу жоспарланыпты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі жыл бұрын ғана жөндеуден өткен стадион тағы реконструкциядан өткізілмек Фото: Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз хатшысы Гаухар Ильясованың дерегіне қарағанда, стадион "Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы" КМҚК теңгеріміне берілген.

"Қаладағы тарихи спорт нысандарының бірі – "Мұнайшы" орталық стадионын қайта жаңғырту 2025-2026 жылдары жүргізіледі. Жаңа жоба аясында стадион инфрақұрылымын заман талабына сай жаңарту, спортшылар мен көрермендерге қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Қазір облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен стадионды кешенді түрде қайта жаңарту мақсатында жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Жоба авторы – "КазахЭнергоПром" ЖШС аталған құжатты мемлекеттік сараптамаға жіберді, - дейді Гаухар Ильясова.

"Мұнайшы" стадионы 1950 жылы пайдалануға берілгенімен, 2003 жылы толық реконструкциядан өткізілген. Ал, 2023 жылы жөндеу жүргізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу