Екі жылда 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады

810

Жалпы ішкі өнім құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесі 29,5%-ды құрайды.

Екі жылда 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады

2019-2020 жылдары шағын және орта бизнесті қолдауға 372 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев мәлімдеді.

"Жалпы ішкі өнім құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесі 29,5%-ды құрайды. Сонымен қатар бұл салада 3 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Қолдау шаралары "Бизнестің жол картасы – 2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. 2019-2020 жылдары бұл салаға бөлінген несие портфелінің жалпы көлемі 372 млрд теңгені құрайды. Елімізде 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады. Қазіргі Төтенше жағдай ауқымды шаралар қабылдауды қажет етеді. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде аталған бағдарламалар бойынша несиенің мөлшерлемесі 6%-дан аспайды", – деді Жасұлан Мәдиев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу