Шетелдік қаржының басым бөлігі пайдалы қазбаларды игеруге жұмсалды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанында тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 20 пайызға артқан. Бұл туралы құрметті консулдар съезінде инвестициялар және даму министрінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz/kz.
Шараның мақсаты - шетел инвесторлары үшін Қазақстанда жасалып жатқан жағдайларды жан-жақты түсіндіру және сол ақпаратты консулдар арқылы барлық инвесторларға жеткізу. Басқосуға жергілікті және шетелдің 130-дан астам құрметті консулы қатысты.
"700-ден астам мемлекеттік меншік саудаға қойылады. Шетелдік инвесторларды сол мүлікті жекешелендіру мүмкіндігін қарастыруға шақырамын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында да көптеген жобаларды бірлесе отырып қолға алуға болады", - дейді ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Қайыров.