Екі жылда Ұлттық қордан әр балаға 233 доллардан түсті

99

Ұлттық қордың активтері былтыр 16%-ға өсіп, 66,2 млрд долларға жеткен.  

Екі жылда Ұлттық қордан әр балаға 233 доллардан түсті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылы жалпы ішкі өнім 4,8% өсті, бұл негізінен мұнайға қатысты емес секторы есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім 6% өсті. Шоғырлан дырыл ған бюджет тегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі, өткен жылы 2,5 пайыздық тармаққа өсті. Инфляция деңгейі 9,8 %-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,7% болды", – деді Қаржы министрі.

Мәди Такиев мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе  жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,7%-ға жеткенін айтты.

"Ұлттық қордың активтері өткен жылы 16% өсіп, 66,2 млрд доллар құрады. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша екі жылда шамамен 7 миллион баланың әрқайсысына 233 доллар есептелді", – деді ведомство басшысы Парламенттің бірлескен отырысында.

Айта кету керек, бұған дейін Депутат Үкіметтің жұмысын сынға алғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу