2 жылдан кейін ауылдардың 99 пайызында сапалы интернет болады

536

Бүгін Сенат тиісті құжатты ратификациялады. 

2 жылдан кейін ауылдардың 99 пайызында сапалы интернет болады Фото: Данияр Мусиров

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев 2027 жылдың соңына дейін ауылдардың 99 пайызы сапалы интернетпен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2027 жылдың соңына дейін ауылдардың 99 пайызы сапалы интернетпен қамтылады. Бұл – "Қолжетімді интернет" жобасының тек қана бір бөлігі", – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Тілшілер ауылдық жерлердегі интернет тарифі қандай болады деп сұрады.

"Ауылдық елдімекен болғандықтан, біз 50 пайызын субсидиялап отырмыз. Сондықтан біздің болжамымыз бойынша тарифтер 5 мың теңгеден басталады. Ал енді одан жоғары жылдамдық керек болса, үлкен интернет пакеттері керек болса, онда тариф құны кішкене қымбаттырақ болады. Оптика тартылған үйге сапалы интернет келеді", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін 1123 ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу