Екібастұз-2 - Ерейментау учаскесінде қозғалыс толық қалыпқа келтірілді

940

Екібастұз-2 - Ерейментау учаскесінде қозғалыс толық қалыпқа келтірілді

26-ақпан күні сағат 11.30-да Екібастұз-2 - Ерейментау учаскесіндегі Шідерті-Бозшакөл өткелінде қозғалыс толық қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жүк тасымалдау-ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аударылып қалған көмір тиелген вагондардың орнында Ерейментау, Павлодар және Есіл станциясының пойыздары іске қосылды. Қазіргі таңда пойыз қатынасы үшін бағыттар ашық. Тиісті пунктіге келгеннен кейін барлық кешігіп қалған пойыздардың жолаушылары ҚР "Темір жол көлігі" Заңы мен "ҚР темір жол көліктерінде жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне" сәйкес толық өтемақыларын ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу