Екібастұз-Ағадыр электр желісі қайта іске қосылды

593

Қатты бораннан келген ақауды жөндеу жұмыстары аяқталып, Екібастұз-Ағадыр электр желісі қайта іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "KEGOC" АҚ коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз-Ағадыр электр желісі қайта іске қосылды Фото: inbusiness.kz

"15 сәуірде сағат 20:39-да авариялық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 500 кВ Л-5170 Екібастұз-Ағадыр электр желісі қайта іске қосылды. Қазақстанның 500 кВ "Солтүстік-Оңтүстік" транзитінің қалыпты схемасы қалпына келтірілді. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде тұтынушыларды электр қуатымен қамту Қазақстан мен Орталық Азия біріктірілген энергожүйесінің резервтерін іске қосу арқылы толық көлемде атқарылды", - делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу