Екібастұз энергетиктері Тәуелсіздік тойына ерекше тарту дайындап жатыр

1038

Екібастұз энергетиктері Тәуелсіздік тойына ерекше тарту дайындап жатыр

Екібастұз қаласының энергетиктері мемлекеттік жаңғырту инвестбағдарламасы және ОРУ-500 үлестіру құрылғысын кеңейту аясындағы жобаны аяқтап қалды. Оны іске қосуды ел тәуелсіздігінің мерейтойына арнап отыр.

500 кВ қуаттылығы бар кабель Қазақстанда алғаш рет пайдаланылып отыр әрі ол энергетикалық жүйесінде ерекше оқиға саналады.

Кәсіпорынның бас инженерінің орынбасары Қараменде Омарбековтің айтуынша, жаңадан енгізілетін жоба блоктардың электр қуаттылығын беру және еліміздің энергожүйесінің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Қазірде №7 блок жабдығын алмастырудың құрылыс-монтаждау және реттейтін жұмыстары аяқталды.

"Қазақстанда мұндай кабельдер қолданылған жоқ. Еуропада ғана жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында энергетика саласында көп өзгеріс болды. Жергілікті кадрлар күрделі жабдықты – 500 МВатт блокты басқаруды үйренді", –  дейді Қарамеңде Омарбеков.

Кешенде 4 000 МВт қуаттылығы бар жылу электр станциясы бар. Ол Екібастұз қаласының солтүстігінде 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл – қатты отынмен жұмыс істейтін еліміздегі ең ірі станция. Сондай-ақ, 3000 МВт қуаттылығын игеретін әлемдегі ең ірі көмір электр станцияларының бірі.

"Алғашқы энергоблок 1978 жылы іске қосылды. Ал, 1984 жылы сегізінші блок жұмысын бастаған. Кеңес үкіметі құлаған соң, жабдықтар жөндеу көрмей, №1, №2, №5 және №8 блоктағы желілер қатып қалды. 2008 жылдан бастап жаңарту мен жаңғыртуға, жабдықтарды қайта қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінді. Осылайша, араға біраз уақыт салып, жөндеуден өтіп, №8, кейін №2 блок қайта іске қосылды", – дейді станцияның күрделі жөндеу жөніндегі директоры Асан Наурызғалиев.

BNews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу