Екібастұз ГРЭС-1 апаты: төрт энергоблок істен шықты

201

Станцияның өндірісі 2080 МВт-тан 320 МВт-қа дейін төмендеді. 

Екібастұз ГРЭС-1 апаты: төрт энергоблок істен шықты Фото: энергия РК

28 маусымда таңғы сағат 5:24-те "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-де технологиялық ақау орын алып, нәтижесінде №2, 3, 4, 7 энергоблоктары тоқтап қалды. Станцияның өндірісі 2080 МВт-тан 320 МВт-қа дейін төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта №2, 4, 8 энергоблоктары жұмыс істеп тұр. Станцияның өндірісі 971 МВт құрайды. Қалған блоктарды іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті технологиялық ақауды тергеп-тексеруді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу