Екібастұз ГРЭС-2 электр энергиясын өндіруді арттырмақ

1105

Жаңа энергия блогының құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталуы мүмкін.

Екібастұз ГРЭС-2 электр энергиясын өндіруді арттырмақ

ГРЭС-2 басшылығы қуаты 636 мегаватт болатын үшінші энергия блогының құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қазанда станция басшылығы түзетілген жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға жіберуге дайындалып жатыр.

"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ басқарма төрағасы Дәурен Сағидолланың айтуынша, кейін жобаның өтелімділігіне кепілдік беретін қуатқа жеке тариф алу үшін Энергетика министрлігіне құжаттар тапсырылады.

"Қазандықтың биіктігі – 120 метр. Ол осы қазандықтан 1,5 есе биік болады. Сондай-ақ электр сүзгілер орнатылады. Бұл шығарындыларды 2 есе азайтады", – деді басқарма төрағасы. 

Барлық құжат мақұлданса, 2025 жылғы желтоқсанда үшінші энергия блогының құрылысы аяқталуы мүмкін.

Сондай-ақ Дәурен Сағидолла ГРЭС-2 жыл соңына дейін шамамен 6,5 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндіруі ықтимал екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу