Екібастұз іргесінде 73 бас ұсақ мал жанып кетті

347

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-парақшасында жазды.

Екібастұз іргесінде 73 бас ұсақ мал жанып кетті Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында дала өртінен Әлкей Марғұлан ауылында 73 бас қой-ешкі шығыны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кеше дала өрттері орын алған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына бардым. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, мәселелердің шешу жолдарын бірлесіп талқыладық", - деп жазады облыс әкімі Асайын Байханов 

Өңір басшысының мәліметінше, шаруаларға 4 бағытта көмек ұйымдастырылады;

- шабындық үшін арзандатылған дизель отынының көлемі 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін артады

- жемшөп дайындау үшін субсидия көлемі бір бас ІҚМ үшін 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін артады

- мұқтаж фермерлерге қор санаты, мемлекеттік орман қоры және жайылма учаскелерінде шөп дайындауға мүмкіндік береміз;

- дәнді дақыл жинау кезінде сабан дайындауды қарастыратын боламыз, жинауға мүмкіндік болатындай, сабан ұсақталмай егістіктерде қалдырылады.

"Сондай-ақ, өрт салдарынан 73 бас ұсақ мал (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі", - деп мәлім етті Асайын Байханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу