Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

567

Бауыржан Ахметов пара алғаны үшін сотталды.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Бүгін Екібастұз қалалық соты жемқорлық әрекеттері үшін күдікке іліккен Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Б. Ахметов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары А. Садықов және осы бөлімнің бас маманы К. Түсіпбековке қатысты істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шенеуніктерге кәсіпкерлерден тұрақты түрде ақша алып отырған деген айып тағылған болатын. Сол арқылы мемлекеттік сатып алулар конкурсы нәтижесінде атқарылған жұмыстарға көз жұмып, қол қойған.

Сот шешімі бойынша қала әкімінің орынбасары 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қол астында қызмет атқарған бөлім басшысының орынбасары 6 жылға, бөлімнің бас маманы 7 жылға сотталды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа баруына жол берген Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевтың креслосын сақтап қалар-қалмасы әзірше белгісіз. Бұл мәселе сот шешімі заңды күшке ие болған соң қаралады.

Еске сала кетейік, "ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес, жемқорлық үшін сотталған шенеуніктердің бірінші басшылары да жұмыстан босатылуы мүмкін.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу