Екібастұздағы ЖЭО мен жылу магистральдарына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді

443

Облыста жөндеу жүргізу жоспарланған 40 бірлік энергия көздері қондырғысының 18 нысанында жұмыстар аяқталды, қалған жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. 

Екібастұздағы ЖЭО мен жылу магистральдарына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығының жылу көздерінің қысқы кезеңге дайындығын және Екібастұз қаласындағы ЖЭО мен жылу магистральдарына ауқымды түрде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.

Барлық ЖЭО отын қорымен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ жұмыс сапары кезінде ҚР вице-премьері Екібастұз ЖЭО-да болып, ондағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылған, барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Қыркүйек айының соңына қарай, яғни, жылу беру маусымының басталуына дейін стансадағы 10 қазандықтың 6-уы (3 су жылыту және 3 энергетикалық қазандық) пайдалануға толық дайын болады.

Қалған 4 қазандықтың жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары "Павлодарэнерго" АҚ басшылығының назарын кеншілер қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарындағы жұмысшыларды лайықты деңгейде ынталандыруға аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу