Екібастұз көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшеді

598

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Екібастұз қаласында 2 энергетикалық блок салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Екібастұз көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшеді

"Энергетика саласында жалпы қуаты 1136 МВТ болатын 2 энергоблок салынады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін "Бизнестің жол картасы – 2025", "Қарапайым заттар экономикасы" және "Еңбек" бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант беру жоспарланып отыр", – деді министр Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында атқарылатын шаралар туралы баяндамасында. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, Екібастұзда 400 гектар аумақты алатын индустриялық аймақ құрылып, ферроқорытпа, техникалық кремний, металлургиялық көмір электродын және темір жолға қажетті жабдықтарды өндіретін зауыттар салынады. 

Екібастұзды көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшіру көзделіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешенде жылыжай аумағы 30 гектардан 60 гектарға дейін кеңейтіледі, нан-тоқаш және макарон өнімдері, 2 бордақылау алаңы өндірісі бойынша кешендер салынады, сондай-ақ суармалы жерлер 10 мың гектарға ұлғаяды", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу