Екібастұз мектептерінде "Қаржылай сауаттылықты қалыптастыру" дәрісі оқытылатын болады

904

Екібастұз мектептерінде "Қаржылай сауаттылықты қалыптастыру" дәрісі оқытылатын болады

Екібастұздық оқушылар жаңа оқу жылынан бастап отбасылық бюджетті жоспарлауды үйренеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Меруерт Әлиеваның айтуынша, "Қаржылай сауаттылықты қалыптастыру" пилоттық жобасы Астана қаласының "Серпін" медиа орталығымен  бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл жаңашылдықты факультативтік курс ретінде 2017-2018 оқу жылынан бастап мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелері мен мектептерде енгізу жоспарланып отыр. Курстарды математика, физика және экономика пәндерінің мұғалімдері жүргізеді.

"Осы жобаның арқасында балалар кішкентай кезінен коммуналдық төлемдер мен жұмсалатын шығындарды есептеуді, үнемдей білуді үйренеді. Балабақшаларда балғындарға ойын ретінде ақшаның жасалуы туралы айтылса, ересек оқушыларға бизнес туралы мәлімет беріледі. Мұндай тәжірибе көршілес Ресей елінде сәтті жүзеге асырылуда. Себебі бүгінгі таңда бұл өте өзекті мәселе. Медиаорталықтың жетекшісі Ізгілік Нагиев пен редакторы Медина Рэй жуырда ұстаздарға арналған семинар барысында жобаның міндеттерін түсіндірді", – дейді Меруерт Әлиева.

Бүгінгі таңда Екібастұзда 45 жалпы орта білім беру мектебінде 18 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде жетеуі қаржылық сауаттылық бойынша ақпарат тарататын тірек мектеп ретінде жұмыс істейді. Балабақшалардың саны – 26.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу