30 наурыз күні сағат 01:35 шамасында Павлодар – Қызылорда автожолында тәртіп сақшылары ВАЗ-21093 автокөлігін тоқтатты. Әңгіме барысында жүргізушінің жағдайы тәртіп сақшыларына күдік туғызғандықтан, оны медициналық куәландыруға жіберді.
Қорытындыға сәйкес, 38 жастағы жүргізуші, Екібастұз қаласының тұрғыны есірткілік мас күйде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қасақана бұзушылық жасаған бұзақыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Енді жүргізушінің тәртібі сотта қаралады.
– Құрметті жүргізушілер, өзіңізді, жолаушыларды және жаныңыздағы басқа адамдарды қауіп-қатерден сақтаңыз. Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың амандығы сіздерге байланысты, – дейді полиция қызметкерлері.