Екібастұз тұрғындарының жылу төлемі қайта қаралмақ

689

Аязды күндері жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарының жылу төлемі қайта қаралады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Екібастұз тұрғындарының жылу төлемі қайта қаралмақ Фото: Константин Шелков

Қаладағы барлық жөндеу жұмыстары "Орталық - Азия Электроэнергетикалық корпорациясы" акционерлік қоғамының есебінен атқарылып жатыр. Бүгінгі күні 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы корпорацияның басқарма төрағасы Орал Бағдат арнайы брифингте атап өтті. Ол сонымен қатар жылу желілерінің жағдайына тоқталды. Айтуынша құбырлардың 91%-ы әбден тозған. Жөндеу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі коммуналдық апатқа әкеп соқты. Мәселен жылу құбырларының жалпы ұзындығы 422 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы қараусыз қалған немесе басқа мекемелерге тиесілі көрінеді. Мәселе жалғыз тарифті көтерумен шешілмейді. Басқа да механизмдер іздестірілуі тиіс.

"Мысалы, біз айтамыз ғой тариф деген ол әлеуметтік нәрсе. Мұнда ең басты мәселе басқа қаржы көзін табу, өйткені бізге бүгінгі деңгейде жөндеу көлемін үлкейту керек. Ол тек қана Екібастұзда емес басқа да өңірлердегі жағдай. Өйткені біз қазір 600 метр трубаны ғана жөндеу жұмыстарын жасадық. Бірақ нормативтік тұрғыдан қарайтын болсақ бізге кем дегенде 25-30 шақырым ремонт жасау керек. Сондықтан егер біз тек қана тарифті өсіру арқылы жөндеу көлемін болмаса жалпы көзін келтіру керек деп айтпасақ, онда басқа қаржыны іздеу керек. Басқа қаржы ол бюджет. Сондықтан да бұл тұрғыда ең басты мәселе ол бір шешімге келу керек", - деп мәлімдеді "ОАЭК" АҚ Басқарма төрағасы Орал Бағдат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу