Екібастұз тұрғыны алаяққа алданып қалды

966

Екібастұз тұрғыны алаяққа алданып қалды

Алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап pavlodarnews.kz.

"Ағымдағы жылдың ақпан айында Екібастұз қаласының тұрғыны Intagram желісінен балалардың киімін сататын интернет-дүкен акаунтын тауып алған. Ол көрсетілген ұялы телефон арқылы "whatsapp" мессенджерімен осы интернет-магазиннің өкілімен хат жазысады. Сатушы тауардың 10-15 күнде келетінін және 100 пайыз алдын ала төлем жасау керектігін айтқан. Бұдан кейін жәбірленуші 52500 теңге сомасында балалар киіміне тапсырыс беріп, ұсынылған реквизиттер арқылы банктен ақшалай қаражат аударған. Алайда уақытында тапсырыс келмеген. Интернет-дүкен "Сатушысы" ақшалай қаражатты ала салысымен хат-хабарларға жауап бермеген. Ақыр аяғы сатып алушы полицияға жүгінген, - деді ведомствода.

Қолданылған шаралар арқылы полиция алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікпен 27 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын анықтап, "ешқайда шықпау" туралы қолхат алынды. Алаяқ бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу