Екібастұз тұрғыны медбике дипломын қолдан жасап алған

784

Екібастұзда қала тұрғыны медбике мамандығы бойынша жұмысқа орналасу кезінде медициналық қызмет және клиникалық практикаға қабылдау үшін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі берген дипломды қолдан жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Павлодар облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Екібастұз тұрғыны медбике дипломын қолдан жасап алған Фото: alataunews.kz

"Қылмыстық кодекстің 385-бабы ("Құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе сату") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

Осы бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу