Екібастұз тұрғыны жасанды ақшамен сауда жасаған

931

Екібастұз тұрғыны жасанды ақшамен сауда жасаған

Екібастұз қалалық сотында алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, айыпталушы Қарағанды қаласындағы "Океан" базарында номиналы 10 мың теңгелік жасанды ақша сатып алған. Бұл арқылы сауда жасауға болмайтыны туралы кәдесыйда ескертіліп жазылған. Дегенмен 200 теңгеге тағы да тоғыз жалған ақша сатып алған ол кешкісін Екібастұзға аттанған.

"2016 жылдың қыркүйек айында айыпталушы қолындағы ақшаның төлем құралы болмайтынын біле тұра сатушыларға ұсынып, 10 мың теңгелік жалған екі банкнот арқылы 17 мың теңге тұратын "Lydia" фирмасының қысқы киімін сатып алған. Бұған қоса,  қалған үш мың теңгесін қайтарып алған да оқиға орнынан табанын жалтыратқан.  Нәтижесінде  дүкен иесіне 20 мың теңге шығын келтірген.  Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 68-бабына сәйкес зардап шегушілермен медиативті келісім жасау бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылып, айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", – деді  облыстық соттың баспасөз  қызметінің жетекшісі Айгерім Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу