9 мамырда сағат 06:30-да Екібастұз қаласына кіре берісте 64 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota автокөлігінен заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Екібастұздық азамат Солнечный кентінің жанындағы Шандаксор көлінде (ГРЭС-2 су қоймасы) балық аулағанын мойындады. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Тәркіленген балық тәркілеу хаттамасымен тоңазытқыш камераға сақтауға берілді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілып жатыр, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Павлодар облысында “Уылдырық шашу” акциясы басталғаннан бері 62 факт анықталды, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы шамамен 1 млн теңгеге айыппұл салынды.