Екібастұз тұрғынының есепшотындағы қаражатты үптеп кеткен

825

Екібастұз тұрғынының есепшотындағы қаражатты үптеп кеткен

Екібастұз тұрғынының банктегі есепшотын тонап кеткен алаяққа іздеу салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеншілер қаласында 30 жастағы келіншектің мобильді телефонына жарнама бойынша пәтерін сатып алу мақсатында бейтаныс адам қоңырау шалған. Ол қаржының алғашқы бөлігін аудару үшін тұрғын үйді сатуға қойған азаматшаның жеке басына қатысты мәліметтерді, яғни банктің атауын, карточкасы мен құпия сөзін айтуды сұраған.

"Қаскүнем алдау жолымен клиенттің логині мен паролін біліп алып, интернет-банкинг арқылы зардап шегушінің есепшотындағы барлық соманы шешіп алған. Аталмыш факті бойынша бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыған байланысты облыстық ІІД жеке басына қатысты мәліметтерді (онлайн-сервистегі логин мен парольді, карочтканың нөмірін, карточканың келесі жағындағы үш таңбалы кодты) бөтен адамға хабарламауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу