Екібастұз Венецияға айналды: ыстық судан арық пайда болды

Жөнделіп жатқан магистарльдан ақау шықты. 

Екібастұз Венецияға айналды: ыстық судан арық пайда болды Фото: видеодан скриншот

Екібастұз қаласында жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда бүгін жөндеу учаскелерінің біреуінен ақау шығып, ыстық су тұтас жолды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Коммуналдық апаттың видеосы әлеуметтік желі арқылы әп сәтте тарап кетті. Бейнежазбадан буы көтерілген ыстық судың жолды басқанын байқауға болады. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары қаланы Венецияға айналды деп қалжыңдауда. 

Екібастұз қалалық әкімдігінің мәліметінше, бүгін сағат 6.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында қайта қалпына келтіріліп жатқан ТМ-2 учаскесіндегі диаметрі 820 миллиметр болатын құбырдың бекітпесі зақымдалған. Соның салдарынан ыстық су толассыз ақты. 

"Қазіргі уақытта аталмыш учаске желіден ажыратылып, ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС жөндеу бригадасы сағат 14.00-ге дейін жағдайды ретке келтіруі тиіс", - деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Сонымен қатар, траншеядан ыстық суды сору жұмыстары қолға алынды. 

Айта кетейік, Екібастұз қаласындағы жылу желілеріндегі апаттан соң құбырларды жаңарту және жөндеу бойынша ауқымды жұмыс басталған-ды. Бұған дейін төрт жылу магистралінде құбырлар толықтай ауыстырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу