Екібастұз ЖЭО-да бұзушылықтар анықталып, 2 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

517

Компания айыппұлды толық көлемде төлеген.  

Екібастұз ЖЭО-да бұзушылықтар анықталып, 2 млн теңгеден астам айыппұл арқалады Фото: NUR.KZ

Екібастұз ЖЭО-да тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдарын қолдану дерегі анықталды, деп жазады inbusiness.kz

Ақпаратқа сәйкес, биылғы қаңтар айында Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласының прокуратурасымен бірге Екібастұз ЖЭО қызметінде метрология саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтау бөлігінде тексеруге қатысты.

"Оның барысында салыстырып тексеру аралығы бұзылған және салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдарын қолдану дерегі анықталды. Атап айтқанда, техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр, мегаомметр. Өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз қолдану "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңның 19-бабының 1-тармағын бұзу болып есептеледі. Бұл бұзушылық ӘҚБтК-нің 419-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша 1600 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейді", - делінген хабарламада.

Қалалық прокуратураның заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған.

"Екібастұз ЖЭО бұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты ӘҚБтК 811-бабына сәйкес 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды. Бүгінгі таңда әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді", - деп жазылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу