Екібастұз ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу мерзімі 10 күнге шегерілді

Жөндеу жұмыстары шатырдың опырылуына байланысты кешіктірілуде. 

Екібастұз ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу мерзімі 10 күнге шегерілді Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұз ЖЭО шатырының жартылай опырылуы екі қазандықтың жөндеу жұмыстарының 10 күнге шегерілуіне әкелді. Бұл туралы Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты.

"N6 және N7 қазандықтардың арасында нысанның шатыры опырылған. Адамдар мен техника зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында N6 және N7 қазандықтарда жұмыс тоқтатылды. Бұл жағдайлар осы қазандықтардағы жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімін 10 күнге шегерді", - деді Байханов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, N7 қазандықтағы жөндеу жұмыстары 10 шілдеде, ал N6 қазандықтағы жөндеу жұмыстары 18 тамызда аяқталады. Қалған қазандықтарды жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Апатқа ұшыраған шатыр туралы айта келе, әкім техникалық сараптама жүргізіліп, ғимараттардың жай-күйіне ақаулық актілері жасалып, бетон элементтерін бөлшектеу және ауыстыру жұмыстары басталғанын түсіндірді.

Еске сала кетсек, 15 маусым күні Екібастұз ЖЭО-да жұмыс істеп тұрған N5 қазандыққа темірбетон шатыр тақтасы құлады. Ол аумақтағы барлық жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу