Нысандағы 10 қазандық агрегаттың 6-на күрделі жөндеу және 2-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Екібастұзға жеке тоқталайын. Екібастұз ЖЭО-дағы 10 қазандық агрегаттың 6-на күрделі жөндеу және 2-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жылудың қажетті параметрлерін беруде. Қалған екі қазандық бойынша жұмыстар аяқталды, ағымдағы айдың соңына дейін іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіледі. ЖЭО жөндеуге 17 млрд теңге бөлінді, оның ішінде, бюджеттен 8,5 млрд және "ОАЭК" АҚ қаражаты есебінен 8,5 млрд", – деді өңір әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу