Бұл туралы "Екібастұзжылуэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Сағат 16:30-да зақымдалған құбыр бөлігін жөндеу аяқталды. Толық сумен толтырылған соң қазандықтар іске қосылады. Бұл жұмыстарды сағат 20:00-ге дейін аяқтау жоспарланған. Осылайша, станцияда 6 қазандық қайта жұмыс істей бастайды", - делінген кәсіпорын тартқан хабарламада.
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС мәліметінше, сағат 00:00 шамасында станциядағы жылу беру параметрлері 60/40°С көрсеткішіне жетеді.
Қоса кетсек, бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда қазандықтардың істен шығуы жиілеп кеткенін айтқан болатын.