Екібастұз ЖЭО-сындағы апатқа байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды

636

​Екібастұзда жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Екібастұз ЖЭО-сындағы апатқа байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды

2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты желілік судың қысымы төмендеді, нәтижесінде №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары тоқтатылды, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды.

Жылу желісін толықтыру сағатына 400 тонна болып тұр, норма кезінде бұл көрсеткіш шамамен сағатына 900 тонна. Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы: график бойынша – 87 градус, іс жүзінде 51 градусқа дейін төмендеді.

Жергілікті жерде барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желісі айналымда. Жылу желілеріндегі зақымдануды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталды, басқа да зақымдануларды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу