Қыс бойы екібастұздықтарды жылусыз қалдырған жылу энерго орталығы қоймастан айыппұл арқалап жатыр. Орталықтың санитарлық талаптарды пысқырмағаны белгілі болды. Яғни, ауыз су сапасы гигиеналық нормаға сай емес, үйлерге де жеткілікті мөлшерде жылу берілмеген.
Ол аздай, қазандық-трубиналық цехының аумағы шаңға көміліп, цехтар толық жарықпен қамтамасыз етілмеген. Серіктестікке әкімшілік іс қозғалып, 5 жарым млн теңге айыппұл салынды. Осыған дейін бұл кәсіпорынға метрология саласының талаптарына сәйкес келмегені үшін 2,7 млн теңге айыппұл салынған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу