Екібастұз жылу электр станциясын жөндеуге бөлінген миллиардтар ұрланған

427

Шығын көлемі шамамен 1 млрд теңгеге жеткен. 

Екібастұз жылу электр станциясын жөндеуге бөлінген миллиардтар ұрланған Фото: Energy Solutions center

Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу