Екібастұз жылу электр станциясындағы адам өліміне жұмыс беруші тарап жауапты деп танылды

2313

Оқыс оқиға 26 қаңтарда болған еді, 40 жастағы азамат өндіріс орнында мерт болды. 

Екібастұз жылу электр станциясындағы адам өліміне жұмыс беруші тарап жауапты деп танылды

Бүгін еңбек инспекторлары Екібастұз жылу электр станциясындағы қазандық цехы ауысымы басшысының өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның кінәсі анықталды. Арнайы тексеріс нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан бірқатар олқылық анықталды. Атап айтқанда, №8 қазандық агрегаты құбырының жарылуына құбырдың ішкі каррозиясы себеп. Ақау өткен жылдың желтоқсанында анықталса да, жауапты мамандар тарапынан ешқандай шара қолданылмаған.

Еске салсақ, оқыс оқиға 26 қаңтарда болды. 40 жастағы азамат өндіріс орнында мерт болды. Ауысым бастығы Ержан Жақсылықов құбырдан шыққан температурасы +450 градустық буға күйіп көз жұмды.

"Тексеріс нәтижесінде кәсіпорын кінәлі деген байламға келдік. Құбырдағы ақау бұған дейін анықталса да, тіркелмеген. Енді бұл жайт үшін жұмыс беруші тараптың 10-нан астам маманы жауапты деп танылды. Қазіргі уақытта тексеріс қорытындыларын ішкі істер органдарына жолдадық. Нақты шешімді полиция өкілдері шығарады", –  дейді  облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу