Екібастұз жылу орталығы аязды күндерге дайындалып жатыр

370

Екібастұздағы жылу-энергия орталығы тұрғын үйлерге жылу жоғалмай жету үшін құбырларды оқшаулап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екібастұз жылу орталығы аязды күндерге дайындалып жатыр Фото: Екібастұзжылуэнерго

"Екібастұзжылуэнерго" компаниясы қаңтар айының басынан бері жылу жүйесіндегі құбырларды жылу оқшаулау материалдарымен қаптау жұмыстарын жалғастыруда. Бір апта ішінде жалпы ұзындығы 413 метр құбыр қапталған. Кәсіпорыннан хабарланғандай, мекеме мамандары бұрын монтаждалған учаскелерді де тексеріп, ақау шыққан жерлердегі оқшаулағыш материалдарды қалпына келтіріп жатыр. Құбырлардағы жылу тасымалдағыштардың ішкі қызуын қалыпты ұстап тұру үшін жылу оқшаулағыштарды қолдану өте тиімді. Бұл жылудың жоғалуын төмендетіп, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - делінген мәлімдемеде.

2023 жылы қала бойынша жалпы ұзындығы 50 271 метр жылу құбырының оқшаулағыштары қалпына келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу