Екібастұзда 10 жыл бойы бос тұрған ат спорты алаңында жазда көкпар ойыны өтпек

1483

Екібастұзда 10 жыл бойы бос тұрған ат спорты алаңында жазда көкпар ойыны өтпек

Екібстұз қаласында 10 жылдан бері қаңырап бос тұрған ат спорты алаңына биыл жазда "жан бітетін" болды. Маусым айында тойланатын шаһардың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында қала әкімінің қолдауымен көкпар ойыны ұйымдастырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Талғат Сәкеннің сөзінше, Екібастұз қаласында "Пырақ", "Көк бөрі", "Самұрық" және "Әулиеата" деп аталатын төрт көкпар командасы бар. Олардың алғашқы үшеуі Ақкөл ауылдық округіне қарасты болса, соңғысы Екібастұз ауылдық округінің көкпаршылары. Жуырда қала әкімі Қайрат Нүкенов екібастұздық спортшылармен кездесіп, спорт саласынадағы кейбір мәселелерді талқылаған. Сонда жергілікті журналист Жассерік Сәдуақасов шаһар басшысына көкпаршылардың қаладағы ат спорты алаңында ойын өткізу туралы өтінішін жеткізген. Спортшылардың бұл тілегіне қала әкімі де қолдау білдірген.

"Біздің команда 2016 жылы Павлодарда өткен облыстық турнирде бірінші орын алып, облыстың төрт дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Тараз, Ақмола облыстыранда өткен республикалық турнирлерде де облыс намысын қорғап жүрміз. Жастар командасы да жақсы нәтиже көрсетуде. Былтыр Май ауданы әкімінің кубогін жеңіп алды. Сондай-ақ, Екібастұздың ауылдарында ұйымдастырылатын ойындарда жергілікті командалар өзара бақ сынасып тұрады. Биыл жазда қала күні қарсаңында Екібастұз ипподромында көкпар ойыны өтеді деген жаңалықты естіп қуанып жатырмыз. Жақсы дайындалып, қала намысын қорғауға дайынбыз", – дейді көкпаршы Дәурен Жандарбеков.

Айта кетерлігі, Ақкөл ауылындағы "Пырақ" көкпар командасының құрылғанына 10 жылдан асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу