"Сағат 19:00-дегі ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта біз Қ.Сәтбаев 8 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 6 корпусы бойынша барлық жұмыстарды аяқтадық. Атап айтқанда, көтергіш құрылғылар мен пәтерлердің ішіндегі регистрларды ауыстыру жұмыстары бітті. Жалпы 20 подъезде жұмыстар жүргізіліп, аяқталды. Сонымен бірге, кешеден бері 5а шағынауданындағы М.Жүсіп 52 мекенжайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 20 подъездің он төртінде монтаждау жұмыстары аяқталды", - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.
Оның айтуынша, аталған үйдің қалған 6 кіреберісі бойынша жөндеу жұмыстарын таңғы сағат 08:00-ге дейін аяқтау жоспарланған.
"Бұл мекенжайда ұзақ жұмыс істеп жатқанымыздың себебі – 1-9 қабатқа дейінгі регистрлердің толық мұздап қалуы. Сондықтан ол көп уақытты алып отыр. Себебі осы үйлерде суды дренаждау бойынша жұмыстар уақытылы жүргізілмеген", деді қала әкімі.
Аян Бейсекиннің мәлімдеуінше, қазіргі уақытқа дейін қала бойынша 2 500 жылу батареясы ауыстырылған. Қоймада қосымша 4 400 регистр бар.