Екібастұзда 2 өрт сөндіру депосы салынады

690

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2025 жылға дейін Екібастұз қаласында 20 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 350 орындық балалар шығармашылық үйі салынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Екібастұзда 2 өрт сөндіру депосы салынады

Министрдің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің инфрақұрылымына ерекше назар аударылады. 

"Денсаулық сақтау саласындағы материалдық-техникалық база нығайтылады. 350 орындық балалар шығармашылығы орталығын салу, 20 мектепті күрделі жөндеуден өткізу, 320 орындық балабақшаны қайта жаңарту көзделіп отыр. "Исабек Ишан Хазрет" мұражайы, 2 мәдениет үйі, мұз аренасы, 20 стрит-воркаут және 10 стритбол алаңы салынады. Қала аумағында 2 өрт сөндіру депосы салынып, қолданыстағы 2 депо жөнделеді", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу