Екібастұзда 2-сынып оқушысы құдыққа құлап кетті

347

2-сынып оқушысы 12:40-та үйден шығып, мектепке жетпеген.  

Екібастұзда 2-сынып оқушысы құдыққа құлап кетті Фото: pavlodarnews.kz

Алғаш болып мұғалімі дабыл қаққан, деп жазады inbusiness.kz.

"Сағат 15:20-да біздің еріктілер аулаларды тексеріп, камераларды қарап, адамдардан сұхбат алып жатыр. Сағат 16:00-де біз қуанышты хабар естідік - бала табылды. Белгілі болғандай, ол мектепке бара жатқан жолда ашық тұрған құдыққа құлап кеткен. Бала бірнеше сағат бойы одан шығуға тырысқан. Алайда шыға алмайды (құдықтың тереңдігі екі метрдей). Ол айқайлағанмен оны ешкім естімеген. Оқушыа бірнеше сағат бойы тізесіне дейін келетін судың ішінде тұрған", - деді VITA іздеушілері.

Белгілі болғандай, оқушыға өзінің тапқырлығы көмектескен. Жұрттың назарын аударғысы келген бала рюкзагын құдықтан лақтырып жіберген. Бұл жайтты жолдан өтіп бара жатқан No21 орта мектептің сегізінші сынып оқушылары Омар Сағындық, Нұрасыл Жаңажыл, Мансұр Ердәукеұлы байқады. Олар құдыққа түсіп, баланы шығарып алды.

Дәрігерлер балаға ми шайқалуы мен жалпы гипотермия диагнозын қойып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу